Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түлік тауарларының бағасы туралы

Әлеуметтік маңызы бар азық-түліктауарларына баға индексі бір аптада 2021 жылғы 20-27 сәуір аралығында  Қарағанды қаласы бойынша 99,9%-ды (ҚР – 100,3%), ай басынан-101,1% – ды (ҚР-101,4 %), жыл басынан– 104,0%-ды (ҚР – 104,5%), Жезқазған қаласы бойынша бір аптада-100,0% - ды (ҚР-100,4%), ай басынан-101,3% - ды (ҚР-101,4%), жыл басынан бері-104,5% (ҚР-104,5%) құрады.

«Айналым схемасы» шеңберінде жеміс-көкөніс өнімдерін белгіленген бағамен жеткізу жалғасуда. 21-25 сәуір аралығында Қарағандының сауда нүктелеріне 38,0 тонна картоп, 3,6 тонна сәбіз, 12,0 тонна пияз және 6,0 тонна орамжапырақ жеткізілді.

2020 жылдың қараша айынан бастап барлығы 495,6 тонна картоп, 132,1 тонна сәбіз, 124,8 тонна орамжапырақ және 161,2 тонна пияз жеткізілді.

Сонымен бірге, бір апта ішінде өңірлердің сауда нүктелеріне – 275,0 мың дана жұмыртқа жіберілді, оның ішінде: Қарағанды (19 нүкте) – 261,7 мың дана, Шахтинск қаласы – 13,3 мың дана.

Жыл басынан бері барлығы 4,0 млн дана жұмыртқа белгіленген баға ондығы 290 теңгеден босатылып, бөлшек саудада ондығы 300-310 теңгеден сатылуда.

Өндірушілер, әлеуметтік кәсіпкерлік корпорациясы (тұрақтандыру қоры), сауда объектілері мен жеке қосалқы шаруашылық қоймаларында азық-түліктің облыстық қорларының жалпы көлемі 98,4 мың тоннаны құрайды.

Тұрақтандыру қорында 901,8 тонна өнім бар, оның ішінде 93,8 тонна қарақұмық, 102,9 тонна қант, 68 тонна күріш, 89,1 мың литр күнбағыс майы, 290 тонна картоп және 285 тонна 1-сұрыпты ұн бар.