2020-21 жылдары жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу

2020-21 жылдары жайылымдардың тозуына және шөлейттенуіне қарсы күрес жөніндегі іс-шараларды жүргізу

Ауыл шаруашылығы жерлерінің деградациясын тоқтату мақсатында республикамызда алғашқы болып облыс бойынша тозған жайылымдарды қалпына келтіру жөнінде пилоттық жоба  аясында, 2020 жылы Бұқар-Жырау ауданына қарасты төрт ауылдық округтердің (Жаңа-талап ауылдық округі (189 га), Ростовка ауылдық округі (200 га), Тегісжол ауылы (100 га) және Ботақара кенті (260 га)) тозған жайылымдық жерлерінің 749 гектарына нормативтік-технологиялық картаға сәйкес, түбегейлі жақсарту іс-шаралары жүргізілді.

Осы мақсатта ағымдағы жылдың 24 сәуірінде Ауыл шаруашылығы басқармасының, Бұқар-жырау аудандық ауыл шаруашылығы бөлімінің мамандары, ауылдық округтердің әкімдері және мердігер шаруашылықтың өкілдерімен жоғарғыда аталған шаруашылықтарда іс-сапарда болып, жоспарға сәйкес атқарылатын жұмыстар (минералдық тыңайтқыштарды енгізу (азықтандыру), арамшөптерді шабу және егістерді сақтау, күзету ) талқыланды.(фотолары қоса берілді)