Қарағанды облысының әкімдігі құс фабрикаларымен меморандумдарды ұзартты

Қарағанды облысының әкімдігі құс фабрикаларымен меморандумдарды ұзартты

Қарағанды облысының әкімдігі және үш жергілікті құс фабрикасы (Агрофирма Курма ЖШС, Карл Маркс атындағы ПФ ЖШС, Қарағанды Құс ЖШС) әлеуметтік маңызы бар азық - түлік тауарларына бағаның өсуін тежеу жөніндегі Жол картасының іс-шараларын орындау шеңберінде жасалған 1 санаттағы жұмыртқалардың бағаларын ұстап тұру бойынша бірлескен қызмет туралы меморандумдарды ұзартты.

Меморандум шарттары бойынша бірінші санаттағы жұмыртқалардың сату бағасы ондыққа 290 - 300 теңгені, бөлшек саудада – 310 - 340 теңгені құрайды, сауда үстеме бағасы мен логистика шығындарын ескере отырып.

Өнімдер облыс өңірлеріндегі, соның ішінде Қарағанды, Теміртау, Жезқазған, Сәтбаев, Балқаш, Шахтинск, Приозерск, Ақтоғай аудандарындағы 140-тан астам сауда орындары мен әлеуметтік дүкендерге жеткізіледі.