Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізу барысы туралы

Ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы дақылдарын жаздық егу 1057,7 мың гектарды құрайды, бұл өткен жылғы деңгейден 40,0 мың гектарға артық. Дәнді және дәнді - бұршақты дақылдар 940,0 мың гектар алаңға (2020 жылғы деңгейден 22,6 мың гектарға артық), майлы дақылдар - 34,5 мың гектарға (2020 жылғы көрсеткіштен 10,1 мың гектарға артық), және жемшөп дақылдары – 70,6 мың гектарға (оның ішінде біржылдық шөптер-27,6 мың га, мн. шөптер-43,0 мың га) (2020 жылдың көрсеткішінен 6,9 мың га артық) егілді.

Ауыл шаруашылығы құрылымдарында картоп отырғызу 11,0 мың гектар немесе 2020 жылға қарағанда 316 га артық (барлық санаттарда-16,2 мың га, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда – 5,2 мың га), көкөністер - 1,8 мың гектарға немесе 164 га артық (барлық санаттарда-3,3 мың га, оның ішінде жеке қосалқы шаруашылықтарда - 1,5 мың га) жоспарланған.

Көктемгі егісті жүргізуге 105,8 мың тонна дәнді дақылдар тұқымы және 32,5 мың тонна картоп тұқымы құйылды, бұл тұқым материалына толық қажеттілікті қамтамасыз етеді.

 Ағымдағы жылғы 13 сәуірдегі жағдай бойынша толық тексеруге 93,0 мың тонна тұқым (88,0%) түсіп, 78,3 мың тонна кондициялық 100%,толық тексерілді оның ішінде 58,0 мың тонна бірінші сынып (74%), 9,5 мың тонна (12%) екінші сынып және 10,7 мың тонна (14%). үшінші сынып№

Егіс науқанына 9,5 мыңнан астам трактор, 229 егіс кешені және 5 556 бірлік сепкіш, оның ішінде 57 бірлік трактор, 12 бірлік топырақ өңдеу агрегаты және 13 бірлік егіс кешені тартылатын болады. Техниканың дайындығы 99% құрайды.

Көктемгі дала жұмыстарын жүргізуге бөлінген арзандатылған дизель 19,0 мың тонна литріне 165 теңгеден (оның ішінде наурызға – 4,0 мың тонна, сәуірге – 6,0 мың тонна, мамырға – 7,0 мың тонна, маусымға - 2,0 мың тонна). кестеге сәйкес 10 мың тонна тасылып алынуда