АӨК дамытудың 2020 жылғы қорытындылары

АӨК дамытудың 2020 жылғы қорытындылары

Өткен жыл карантиндік шараларға байланысты, шаруашылық құрылымдарына оңай болмады. Климаттық жағдайдың қолайлы болуы, жұмыстың дұрыс ұйымдастырылуы және уақтылы қабылданған шаралардың нәтижесінде ауылшаруашылығы жұмыстары агротехникалық талаптарға сай және тиянақты мерзімінде жүргізілді.

Осының нәтижесінде, АӨК барлық салаларында қарқынды өсу динамикасы тұрақты болды. 2020 жылдың қорытындысы бойынша ауыл шаруашылығы өнімінің жалпы көлемі 5,7% - ға артып, 398,7 млрд.теңгені құрады, бұл республикалық көрсеткіштен (105,6%) жоғары.

Нұра – 114,4%, Осакаров – 110,2% және Бұқаржырау - 109,0% аудандары өте жоғарғы көрсеткіштерге қол жеткізді.

Өсімдік шаруашылығы бойынша жалпы өнім көлемі 8,9% - ға артып, 182,3 млрд.теңгені құрады. 1 млн. тоннадан артық астық алынып, картоп, көкөніс көлемі артты.

Мал шаруашылығы бойынша өнім 3,7% - ға артып, 215,6 млрд.теңгені құрады.

Сонымен бірге, ет өндірісінің көлемі – 5,4% – ға (151,1 мың тонна), сүт өндірісінің көлемі - 4,1% - ға (502,6 мың тонна) артып, 664,0 млн. дана жұмыртқа өндірілді.

Мал шаруашылығы өнімдері өндірісінің жоғары көрсеткіштері келесі аудандарда байқалды:

ет (обл.орташа - 5,4%): Бұқар Жырау 16,5% , Нұра 8,2%

сүт (обл.орташа. - 4,1%): Бұқар Жырау 7,6% - ға, Шет 5,0% - ға, Жаңаарқа 4,6% - ға.

Ауыл шаруашылығы өнімдерін өңдеу өндірісі 14% - ға өсіп, 138 млрд. теңгені құрады (2019 жылы 107,5 млрд. теңге)

Қарағанды, Жезқазған қалаларында кондитерлік өнімдер өндірісінің 25% - ға, макарон өнімдерінің 23,2% - ға, ет пен сүтті қайта өңдеу өнімдерінің 15,9% - ға және шұжық өнімдерінің 7,2% - ға өсуі байқалды.

Ауыл шаруашылығының негізгі капиталына құйылған инвестициялар көлемі 2020 жылы 36,6% – ға өсіп, 25,9 млрд. теңгені құрады, бұл республикалық көрсеткіштен 22% - ға жоғары (ҚР 115%), тамақ өнімдері өндірісіне салынған инвестиция көлемі -15,0% - ға артып, 2,0 млрд. теңге болды.

Ауыл шаруашылығы техникалар паркін жаңарту көрсеткіші 5,5%. (ҚР 4,2%). Жоспар бойынша 890 бірлік облыс бойынша жалпы сомасы 13,8 млрд.теңгеге 1178 бірлік ауыл шаруашылығы техникасы сатып алынды.

Осы жетістіктерге қол жеткізуде көрсетілетін мемлекеттік қолдау шараларының да ықпалы болды. Былтырғы жылы 6855 шаруашылыққа 19,7 млрд.теңге субсидия төленді (2019 жылы-20,9 млрд. теңге) .