«Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізу нәтижелерін жария талқылау өткізілетіні туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының «Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы» Заңының 8-бабына және Қазақстан Республикасы Мемлекеттік қызмет істері және сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігі Төрағасының 2016 жылғы 19 қазандағы №12 бұйрығымен бекітілген Сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау жүргізудің үлгілік қағидаларына сәйкес 2026 жылғы 24 - 26 маусым аралығында «Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы» ММ қызметіндегі сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау нәтижелерін жария талқылау өткізіледі.
Талқылауға қоғам өкілдерін, үкіметтік емес ұйымдарды, агроөнеркәсіптік кешен субъектілерін, кәсіпкерлер қауымдастығын және барлық мүдделі тұлғаларды қатысуға шақырамыз.
Талдау нәтижелері бойынша ұсыныстар мен ескертулер 2026 жылғы 26 маусымға дейін келесі байланыс арналары арқылы қабылданады:
телефон: 8 (7212) 56-58-40, электрондық пошта: m.kopbaeva@akimat09.kz, мекенжай: Қарағанды қаласы, Лобода көшесі, 20.
Келіп түскен ұсыныстар жұмыс тобының отырысында қаралып, сыбайлас жемқорлық тәуекелдеріне ішкі талдау қорытындыларын қалыптастыру кезінде ескерілетін болады.
Өңір тұрғындарын мемлекеттік басқарудың ашықтығы мен айқындығын қамтамасыз етуге және агроөнеркәсіптік кешен саласындағы сыбайлас жемқорлық тәуекелдерінің алдын алуға белсенді қатысуға шақырамыз.