
Мемлекеттік агроөнеркәсіптік кешен саласындағы саясатты жүзеге асыру, ауыл шаруашылығы жерлерін тиімді пайдалану және егіс алқаптарының құрылымында жоғары рентабельді дақылдардың үлесін арттыру мақсатында биылғы жылдың 2 сәуірінде Осакаровка кентінде егіс алқаптарын әртараптандыру және майлы дақылдар сияқты жоғары рентабельді дақылдардың егіс көлемін ұлғайту мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Кеңес жұмысына облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, «Қарағанды ауыл шаруашылығы тәжірибе станциясы» ЖШС және «Майлы дақылдар бойынша тәжірибе станциясы» ЖШС - нің ғылыми қызметкерлері, сондай-ақ сарапшылар қатысты.
Талқылау барысында егіс алқаптарының құрылымын оңтайландыру мәселесі жан-жақты қаралды. Майлы және басқа да жоғары рентабельді дақылдардың егісін кеңейтуге ерекше назар аударылды. Кеңес қорытындысы бойынша саланың тұрақты дамуына және оның бәсекеге қабілеттілігін арттыруға бағытталған нақты ұсыныстар мен тапсырмалар берілді.