
Іссапар барысында тұрғындармен кездесу өткізілді. Кездесуге Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы, Қарағанды облысының жер ресурстарын басқару департаментінің басшысы, ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының салалық бөлімдерінің басшылары, сондай-ақ Нұра ауданының әкімі және оның орынбасары қатысты.
Кездесу барысында ауыл шаруашылығы мен жер қатынастары саласындағы өзекті мәселелер талқыланды. Қатысушыларға көтерілген сұрақтар бойынша түсіндірме берілді, тұрғындардың ұсыныстары мен өтініштері тыңдалып, жұмысқа қабылданды.