
Бүгін, 20 желтоқсан күні, Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілерінің қатысуымен ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде өз өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен 7 ауылдық ауданның 90-нан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері, облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары ұсынды.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 120 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді, оның ішінде: 45 тонна ет, 30 тонна картоп, 9 тонна көкөніс, 11 тонна сүт өнімі, 4 тонна балық және балық өнімі, 100 мың дана тауық жұмыртқасы және 15 тонна өзге де өнім.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге жеткізген өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, сондай-ақ қысқы қорларын толықтыруға мүмкіндік береді.