
Бүгін, 13 желтоқсан күні, Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда-ойын-сауық орталығының аумағында ауылшаруашылық жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеге Қарағанды облысының 7 ауылдық ауданынан және облыс қалаларындағы қайта өңдеу кәсіпорындарынан 90-нан астам ауыл шаруашылығы өндірушілері қатысуда.
Өнімдер қала тұрғындарына нарықтық бағадан 10–15% төмен бағамен ұсынылып отыр.
Барлығы 117 тоннадан астам ауылшаруашылық өнімі жеткізілді. Оның ішінде:
Жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтарына сапалы әрі жаңа өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алып, қысқы қорын толықтыруға мүмкіндік береді.