
10 желтоқсанда басқармада тұрғындар мен шаруа қожалықтарының өкілдері үшін арнайы Ашық есік күні өтті. Қатысушылар мемлекеттік қолдау түрлерімен, бөлімдердің жұмысымен танысып, мамандардан өз сұрақтарына нақты жауап алды.
Мал шаруашылығын субсидиялау бөлімінің басшысы А. Аскарова «Шанс» КХ басшысымен кездесіп, шаруашылықты дамытуға қатысты өзекті мәселелерді талқылады.
Экономикалық саясат және қаржы құралдары бөлімі басшысы Е. Мукаев — агроөнеркәсіп кешенін қолдаудың мүмкін тетіктерін түсіндірді.
Өсімдік шаруашылығы бөлімі басшысы Д. Жақсыбекова бөлімнің басым бағыттары мен жүзеге асып жатқан жобалар туралы ақпарат берді.
Осындай кездесулер – ауыл шаруашылығы саласындағы ашықтықты арттырып, агробизнесті дамытуға жол ашады.
Қатысқан барлық тұрғындар мен шаруаларға алғыс айтамыз!