
Ағымдағы жылдың 6 желтоқсанында «Global City» СОО аумағында Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысқан ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.
Жәрмеңкеде облыстың 7 ауылдық ауданы мен қалаларындағы өңдеу кәсіпорындарын қоса алғанда, 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауар өндірушісі өз өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10–15 пайызға төмен бағамен ұсынды.
Жалпы жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері тарапынан 146 тоннадан астам өнім жеткізілді. Оның ішінде: 52 тонна ет, 40 тонна картоп, 16 тонна көкөніс, 15 тонна сүт өнімдері, 6 тонна балық және балық өнімдері, 180 мың дана тауық жұмыртқасы және 17 тонна өзге де өнімдер бар.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері жеткізген жәрмеңке өнімдері қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа әрі сапалы өнімдерді қолжетімді бағамен сатып алуға, сондай-ақ қысқы қорын дайындауға мүмкіндік берді.