
«TPA Sary Arka» ЖШС гофрленген картон қаптамаларын өндіру зауыты аумағында Қарағанды облысы әкімінің орынбасары Р.А. Кенжебеков, сондай-ақ Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасының басшысы А.Д. Тюлюбеков қатысуымен кеңейтілген жиналыс өткізілді.Кездесуге облыстағы құс фабрикаларының өкілдері қатысты: «Ushtobe qus» ЖШС, «Агрофирма Курма» ЖШС, «Ақнар» ЖШС, «Майқұдықские яйца» ЖШС, «Қарағанды құс» ЖШС.
Жиналыс барысында кәсіпорынның ағымдағы қызметіне қатысты мәселелер талқыланып, құс шаруашылығы саласындағы кәсіпорындармен болашақта өзара тиімді ынтымақтастық орнату, өндіріс қуаттылығын арттыру, сонымен қатар ішкі нарықтағы өнімді қамтамасыз ету мәселелері сөз болды
Қатысушылар зауыттың өндірістік желісімен толық танысып, картон қаптамаларын дайындау процесін өз көздерімен көрді. Жұмыс барысына жасалған таныстыру барысында өндіріс көлемін ұлғайту, өнім сапасын арттыру және экологиялық тиімді технологияларды енгізу бойынша ұсыныстар қарастырылды.
Кездесу өңірдегі агроөнеркәсіптік кешеннің дамуына жаңа серпін беріп, өндіріс пен шаруашылықтар арасындағы әріптестікті нығайтуға бағытталды.