2025 жылғы 24 қарашадан бастап «Ауыл аманаты» бағдарламасын жүзеге асыру аясында Amanatnesie.kz электрондық платформасы іске қосылады. Бұл платформа арқылы Қарағанды облысының ауыл тұрғындары жеңілдетілген микрокредиттерге онлайн өтінім бере алады.
Платформаның негізгі мақсаты — ауыл халқының табысын арттыру, ауыл кәсіпкерлігін дамыту және бастамашыл жобаларды қолдау.
Amanatnesie.kz — бұл қолжетімді, ыңғайлы әрі ашық жүйе. Платформа арқылы әрбір үміткер:
- кредит беру шарттарымен таныса алады;
- өтінімді онлайн жолдайды;
- қажетті құжаттарды тіркейді;
- өтінімінің статусын қадағалай алады.