Бүгін Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда орталығының аумағында Қарағанды облысының ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Бүгін Қарағанды қаласындағы «Global City» сауда орталығының аумағында Қарағанды облысының ірі ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтті.

Бір алаңда 7 ауданнан келген 90-нан астам ауыл шаруашылығы тауарын өндіруші және облыс қала­ларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін ұсынды.

Жәрмеңкедегі бағалар дәстүрлі түрде нарықтық бағадан 10–15% төмен болды, бұл көптеген қала тұрғындарын тартты.

Жәрмеңкеге жалпы көлемі 156 тоннадан астам өнім жеткізілді, оның ішінде:
* 53 т ет
* 50 т картоп
* 16 т көкөніс
* 16 т сүт өнімдері
* 6 т балық және балық өнімдері
* 180 мың дана тауық жұмыртқасы
* 15 т басқа да өнімдер

Жәрмеңке қала тұрғындары мен қонақтарына жаңа әрі сапалы өнімді тиімді бағамен сатып алуға және қысқы қорын толықтыруға мүмкіндік берді.