
Ауыл шаруашылығы саласының үздік қызметкерлері республикалық деңгейде марапатталды. Олардың қатарында — Нұра ауданы, Жараспай ауылының тумасы, адал еңбек иесі Асаутай Сағынбайұлы Құжуханов бар.
Ол көпжылдық еңбегі үшін «Еңбек Даңқы» ІІІ дәрежелі орденімен марапатталды.
54 жылдық еңбек өтілі
Бар ғұмыры — туған жерінде, Жараспай ауылында
Адалдық, жауапкершілік, еңбексүйгіштік және өңірдің ауыл шаруашылығына қосқан елеулі үлесі
Зейнет жасына қарамастан, Асаутай Сағынбайұлы әлі де бригадир ретінде еңбек етіп жүр. Ол көктемгі егіс, шөп шабу, орақ науқаны сияқты маусымдық жұмыстарға белсенді қатысып, тәжірибесімен жастармен бөлісіп келеді. Әріптестері мен ауылдастары оны ерекше құрметтейді.
Оның еңбегі — туған жерге деген шынайы адалдықтың және кәсіби табандылықтың жарқын үлгісі.
Біз жерлесімізді шын жүректен құттықтаймыз!
Құттықтаймыз!
Еңбегіңіз жана берсін!