Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы баспасөз шығарылымы

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы баспасөз шығарылымы

2020 жылғы 17 қазаннан бастап облыс орталықтарында  қалалар мен аудан ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің қатысуымен өткізілетін "Ауыл - Береке" дәстүрлі жыл сайынғы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелерінің маусымы басталады.

Алғашқы жәрмеңкелер 2020 жылғы 17-18 қазанда Қарағанды қаласында "Global City" көтерме-тарату орталығының аумағында (134 есептік орам) өткізіледі.

Жәрмеңкеде 8 ауданның ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері, сондай-ақ облыс қалаларының қайта өңдеу кәсіпорындары өз өнімдерін нарықтық бағадан 10-15% - ға төмен бағамен ұсынады.

Жәрмеңкенің екі күнінде (17-18 қазан) 845 тоннадан астам ауыл шаруашылығы өнімдерін, оның ішінде: ет (сиыр еті, шошқа еті, қой еті, жылқы еті, құс еті) және ет өнімдері (Шұжық өнімдері) – 125,0 тонна, балық және балық өнімдері - 14 тонна, жұмыртқа - 300,0 мың дана, сүт өнімдері - 24 тонна, картоп - 470,0 тонна, көкөніс өнімдері - 206,0 тонна және қайта өңдеу кәсіпорындарының 7,4 тонна өнімдерін сату жоспарлануда.

Облыс орталығындағы келесі "Ауыл Береке "ауылшаруашылық жәрмеңкелерін 2020 жылдың 24 қазан және 7 қарашасында, серіктес қалалары мен аудандық әкімшілік орталықтарында 2020 жылдың 31 қазанында өтеді.