Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы Пресс-релиз

Ауылшаруашылық жәрмеңкесі туралы Пресс-релиз

Ағымдағы жылдың 6 қыркүйегі күні  қаланың 3 алаңында («Ұмай» СҮ - Майқұдық, «Молодежный» МС - Пришахтинск, «Глобал Сити» ССО - Оңтүстік-Шығыс) қалалық күзгі-қысқы шағын жәрмеңкелер өткізіледі.

Жәрмеңкеде, облыстың 6 ауданының (Осакаров, Шет, Нұра, Қарқаралы, Бұқар жырау, Ақтоғай)  ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері өз өнімдерін орташа нарықтық бағадан 10-15% төмен бағамен ұсынады.

Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 18 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді, оның ішінде: 12 тонна ет, 60 мың дана тауық жұмыртқасы, 6 тонна басқа өнімдер (сүт, шұжық өнімдері, көкөністер, бал).

Жәрмеңкеге облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жеткізген өнім қала тұрғындары мен қонақтарына өз өнімдерін қолжетімді бағамен сатып алуға мүмкіндік береді.