Ағымдағы жылдың 30 тамызында Қарағанды қаласының "Global city" СОО аумағында Қазақстан Республикасының Конституциясы күніне арналған ауыл шаруашылығы жәрмеңкесі өтуде.
Жәрмеңкеде 7 ауылдық ауданның 80-нен астам ауыл шаруашылығы өндірушілері өз өнімдерін ұсынады, облыс қалаларының өңдеу кәсіпорындары орташа нарықтық бағадан 10 -15% төмен бағамен.
Жәрмеңкеге ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілер барлығы 125 тоннаға жуық ауыл шаруашылығы өнімін жеткізді, оның ішінде: 52,2 тонна ет, 25 тонна картоп,13 тонна көкөніс, 16 тонна сүт өнімі, 5 тонна балық және балық өнімі, 175 мың дана тауық жұмыртқасы және 11,0 тонна өзге де өнім.
Облыстың ауыл шаруашылығы тауарын өндірушілері жәрмеңкеге жеткізген өнімдер қала тұрғындары мен қонақтарына мерекелік дастарханға қолжетімді бағамен жаңа өнімдерді сатып алуға мүмкіндік береді.