"Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ 2025 жылғы егін жинау жұмыстарына арзандатылған дизель отынын жеткізуші операторды анықтау бойынша Комиссия отырысының 2025 жылғы 10 шілдедегі хаттамасына сәйкес, операторлар болып "Мұнай Company" ЖШС және "Retail Trade Oil" ЖШС белгіленгенін хабарлайды.
ҚР АШМ 13.04.2023 ж. №137 бұйрығымен бекітілген "Көктемгі егіс және егін жинау жұмыстары кезеңінде ауыл шаруашылығы өнімдерін өндірушілер үшін мұнай өнімдерінің көлемін қалыптастыру және бөлу қағидаларына " сәйкес (15.05.2024 ж. өзгерістер еңгізілген), 16 шілдеден бастап 30 күнтізбелік күн ішінде gosagro.kz. порталында 2025 жылғы егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілерге дизель отынын тиеп жөнелтуге операторға өтінімдер қабылданады.