"Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасы" ММ (Қарағанды қ., Лобода к-сі, 20, индексі 100008, тел. 8(7212)565840, 560999, org_ush@mail.ru) 2025 жылғы егін жинау жұмыстарын жүргізуге ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторын айқындау үшін өтінімдер қабылдау жүргізіледі.
Бөлінген дизель отынының көлемі – 19 599 тонна.
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің 2023 жылғы 13 сәуірдегі №137 бұйрығымен бекітілген Ауыл шаруашылығы мұқтаждарына мұнай өнімдерін бөлудің өңірлік операторларын айқындау қағидаларының 17-тармағына сәйкес әлеуетті оператор мынадай құжаттарды ұсынады:
1) осы Қағидалардағы 1-қосымшаға сәйкес нысан бойынша дизель отынын жеткізу жөніндегі өңірлік операторларды айқындауға қатысуға арналған өтінім (бұдан әрі – өтінім);
2) ауыл шаруашылығы өнімін өндірушілер үшін дизель отынын сатып алу, жеткізіп беру, сақтау және жеткізу жөніндегі қызметтер үшін үстеме бағаның жалпы сомасын көрсетілген баға ұсынысы;
3) кемінде екі жыл Қазақстан Республикасының ішкі нарығында мұнай өнімдерін өткізу тәжірибесінің болуын растайтын құжаттардың көшірмелері;
4) дизель отынының қажетті көлемін сатып алу үшін әлеуетті оператордың шотында ақшалай қаражаттың не кредиттік қаражаттың болуы туралы банктен анықтама;
5) әлеуетті операторға қызмет көрсетілетін банктің уәкілетті тұлғаның қолы қойылған және анықтама берілген күннің алдындағы үш айдан астам уақытқа созылатын әлеуетті оператордың міндеттемелерінің барлық түрлері бойынша банк алдындағы мерзімі өткен берешегінің жоқтығы туралы мөрі бар (бар болса) анықтамасы (егер әлеуетті оператор бірнеше екінші деңгейдегі банктердің клиенті болып табылған жағдайда, мұндай анықтама өтінім берілетін күннің алдындағы бір айдан кейін берілген осындай банктердің әрқайсысынан ұсынылады);
6) өтінім берілген күнге дейін күнтізбелік бес күннен кейін берілген салық берешегінің жоқтығын куәландыратын құжат;
7) мұнай өнімдері базасына немесе резервуарға тіркелген құқықтар (ауыртпалықтар) туралы анықтама не мұнай өнімдері базасын немесе резервуарды жалдау шартының көшірмесі;
8) мұнай өнімдерінің немесе резервуардың базасы бойынша ұсынылатын құжаттар (әлеуетті операторда меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде бар):
мұнай өнімдері базасының жай-күйі және техникалық жарақтандырылуы туралы ақпарат:
техникалық паспорттың көшірмесі;
цистернасы (бензовозы) бар автомашина немесе автоматты құю жүйесі үшін салмақтық жүйенің болуы;
"Мұнай өнімдері базаларының өндірістік объектілерін бақылау есептеу аспаптарымен жарақтандыру жөніндегі қағидалар мен талаптарды бекіту туралы" Қазақстан Республикасы Энергетика министрінің 2022 жылғы 26 желтоқсандағы № 435 бұйрығына (Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде № 31279 болып тіркелген) сәйкес мұнай өнімдері базасында есепке алатын бақылау аспаптарының болуын және орнатылуын растайтын құжат;
9) егін жинау жұмыстарын жүргізу кезеңінде демалыс және мереке күндері дизель отынын босату туралы келісім-хат;
10) меншік құқығында немесе өзге де заңды негіздерде дизель отынын ауыл шаруашылығы техникасын өндірушілерге жеткізуге арналған цистернасы бар автомашинаның (бензин тасығыштың) болуын растайтын құжаттың көшірмесі;
11) мұнай базаларының орналасу схемасы.
12) тауарларға арналған ілеспе жүкқұжатқа сәйкес дизель отынын тасымалдау үшін электрондық шот-фактуралардың ақпараттық жүйесінің "Виртуалды қойма" модулін қолдану туралы растау.
Әлеуетті Оператор күн сайын сағат 17:00-ге дейін байланысатын тұлғаның деректемелерін көрсете отырып, әрбір АШТӨ бөлінісінде дизель отынын іріктеу туралы Қарағанды облысының ауыл шаруашылығы және жер қатынастары басқармасына ақпарат беруге міндетті.
Өтінімдер 2025 жылғы 2 шілдесінең сағат 9.00-ден бастап 2025 жылғы 9 шілде сағат 18.30-ға дейін қолма-қол мына мекенжай бойынша қабылданады: Қарағанды облысы, Қарағанды қ., Лобода к-сі, 20, 3 қабат, 301 кабинет немесе басқарма кеңсесінің электрондық мекенжайына: org_ush@mail.ru.
Дизель отынын жеткізу бойынша өңірлік операторын анықтау жөніндегі комиссия отырысы 2024 жылғы 10 шілде сағ. 15.00-де мына мекенжай бойынша: Қарағанды қаласы, Лободы көшесі, 20, 2 қабат, 206 каб. өтеді.