2025 жылғы 16 маусымда №4 ТБН тапсырмалары аясында жобалар картасының 20-тармағын орындау мақсатында "Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ "Ашық есік күні"іс-шарасы өтті

2025 жылғы 16 маусымда №4 ТБН тапсырмалары аясында жобалар картасының 20-тармағын орындау мақсатында "Қарағанды облысының Ауыл шаруашылығы басқармасы" ММ "Ашық есік күні"іс-шарасы өтті

"Ашық есік күніне" мемлекеттік органның қызметімен танысу үшін қала азаматтары, «Сарыарқа нан-Қарағанды» ЖШС және шаруа қожалықтарының өкілдері келді.

Басқарма мамандары мемлекеттік орган қызметінің функциялары мен міндеттеріне қатысты сұрақтарға жауап берді, келушілер өздерін қызықтырған сұрақтарға жауап алды.

Басқарма басшысы А. Тюлюбеков   -"Сарыарқа нан - Қарағанды" ЖШС өкілімен кездесу өткізді, кездесу  барысында ынтымақтастық және ағымдағы жобаларды іске асыру мәселелері талқыланды.

Мал шаруашылығы және қайта өңдеу салаларын субсидиялау бөлімінің басшысы А. Асқарова -мал шаруашылығы саласындағы қызметке қатысты барлық аспектілерді егжей-тегжейлі түсіндірді.

Микрокредит беру, Өңірлерді дамыту және азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз ету ауыл шаруашылығы кооперациясы бөлімінің басшысы Қ.Ахметов- қажетті түсініктемелер беріп, қолданыстағы бағдарламалар шеңберінде мемлекеттік қолдау алудың мүмкін жолдарын ұсынды.

Бөлімнің бас маманы А. Хамитов  "инвестициялық салымдар кезінде АӨК субъектілеріне жұмсалған шығыстардың бір бөлігін өтеу бойынша субсидиялау қағидалары" заңының қалай іске асырылатынын түсіндірді.