Қазақстан Республикасының Ауыл шаруашылығы министрлігі (бұдан әрі – Министрлік) 2024 жылғы 7 ақпанда Қазақстан Республикасы Үкіметінің кеңейтілген отырысында Мемлекет басшысы берген тапсырмаларды орындау мақсатында жүйелі жұмыс жүргізіліп жатқанын хабарлайды. Осы отырыста ауыл шаруашылығына мемлекеттік қолдауды 2 есеге арттыру мүмкіндігін қарастыру, сондай-ақ егістік және жинау жұмыстарына жеңілдікпен несие беру үшін бюджеттен және басқа да көздерден 1,5 трлн. теңгеге дейін, ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдікпен лизингке беру үшін 450 млрд. теңгеге дейін қаражат бөлінген туралы хабарлайды.
Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі О.А.Бектеновтың 2025 жылғы 5 сәуірдегі Протоколдық тапсырманы іске асыру аясында Қостанай облысында «АгромашХолдинг KZ» АҚ базасында «John Deere» ауыл шаруашылығы техникасын өнеркәсіптік құрастыру жобасын жүзеге асыру үшін жеңілдетілген лизинг бағдарламасы бойынша 50 млрд. теңге бөлінді.
Осылайша, «John Deere» бренді мен оның серіктес брендтерінің ауыл шаруашылығы техникасын жергіліктендіру есебінен отандық ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің жоғары өнімді мамандандырылған ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген шарттармен сатып алуға мүмкіндігі бар. Атап айтқанда:
- шынжыр табанды және шынжыр табанды-доңғалақты жүрістегі ауыр класты комбайндар мен тракторлар, роторлы (барабан-роторлы және қос роторлы бастыру жүйесі бар) комбайндардың;
- жеміс, көкөніс-бақша, жидек дақылдарын, картоп, мақта және қант қызылшасын өсіруге арналған егіс және егін жинау ауыл шаруашылығы техникасының;
- нақты егіншілік жүйесімен жабдықталған жоғары өнімді егіс кешендері мен өздігінен жүретін бүріккіштерінің (ені 30 метрден асатын).
Жоғарыда айтылғандарды ескере отырып, ағымдағы жылы ауыл шаруашылығы техникасын жеңілдетілген лизингпен қаржыландыру көлемі шамамен 250 млрд. теңгені құрайды.
«Жеңілдетілген лизинг» бағдарламасы бойынша жылдық 5% мөлшерлемемен қаржыландыруды «ҚазАгроҚаржы» АҚ жүзеге асырады.