
Жыл сайын елімізде маусым айының екінші жексенбісінде «Малшылар мерекесі» аталып өтеді.
Биыл да Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігінің ұйымдастыруымен мал шаруашылығы күніне арналған “Еңбек жолы – құрмет жолы” атты салтанатты шара өтті.
Аталған шарада мал шаруашылығы саласында 10 жылдан 30-40 жылға дейін абыройлы еңбек етіп жүрген еңбек адамдары – үздік малшылар, жылқышылар, шопандар мен сауыншылар ҚР Премьер-министрі мен ҚР Ауыл шаруашылығы министрінің марапаттарына ие болды.
Қарағанды облысы бойынша мал шаруашылығының 9 қызметкері “Ауыл шаруашылығы саласының үздігі”, “Премьер-Министрдің алғыс хаты”, “Құрмет грамотасы”, “Алғыс хат” сынды жоғары марапаттармен марапатталды.