Ақтоғай ауданында зиянкестермен күресу жөніндегі облыстық штабтың отырысы өткізілді

Ақтоғай ауданында зиянкестермен күресу жөніндегі облыстық штабтың отырысы өткізілді

2025 жылдың 21 мамырында Қарағанды облысы, Ақтоғай ауданында аса қауіпті организм – шегіртке тектес зиянкестерге қарсы зерттеу мен химиялық өңдеу жұмыстарын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау бойынша облыстық штабтың көшпелі отырысы өтті.

Ағымдағы жылы аса қауіпті және қауіпті зиянды организмдер мен карантинді организмдерге қарсы зерттеу жұмыстарын жоспар бойынша 5,4 млн гектар аумақта жүргізу жоспарлануда. Оның ішінде үйірлі шегіртке зиянкестеріне 2 845,57 мың.га аумақ зерттелетін болады. Бүгінгі күні шегіртке тектес зиянкестерге қарсы мониторингтік зерттеу жұмыстары жалғасуда.

Аталған мониторингтік іс-шараларды атқаруға «Республикалық фитосанитарлық диагностика және болжамдар әдістемелік орталығы» 35 штаттық режимде жұмыс атқаратын мамандары және қосымша 5 айлық мерзімге 16 уақытша анықтаушылар және 12 тұрақты автокөлікке қосымша 15 жалдамалы автокөліктер тартылған. Сондай-ақ жергілікті атқарушы органдар тарапынан зерттеу жұмыстарын жүргізуге қосымша 17 анықтаушылар алынатын болады. Зерттеу жұмыстарына барлығы 68 анықтаушы жұмылдырылған.

Облыс аумағында Ауыл шаруашылығы дақылдарының шегіртке тектес зиянкестерімен күрес жөнінде облыс әкімінің (№19ө 2024 жылғы 4 наурыздағы) өкімімен Облыстық штаб және аудандық деңгейдегі 7 штаб тұрақты жұмыс жасайды. Аудандар бөлінісінде шегіртке зиянкестеріне қарсы іс-шараларын ұйымдастыру, үйлестіру және бақылау жөніндегі іс-шаралар жоспары және картасы әзірленген. Іс-шаралар жоспарына сәйкес шегіртке зиянкестері тараған ауылдық округтер 41 секторға бөлінген.                                                                    

Шегірткемен күрес шараларына тұрақты бақылау жүргізуге Инспекция тарапынан 26 инспекторлық құрам және ЖАО тарапынан 7 аудан әкімдіктері және 35 ауылдық округ әкімдіктерінен мамандар қатысуда.

Бүгінгі күнге, 2025 жылы облыс бойынша аса қауіпті зиянкес үйірлі шегіртке - итальяндық прусқа қарсы өңдеу жұмыстарын жүргізуге жоспарланған 59,3 га алқапқа, 35, 677 мың га әуе арқылы және 19,4 мың га жер үсті бүріккіштерімен, 4,223 мың га пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) көмегімен химиялық өңдеу жұмыстарын жүргізетін мердігерлер анықталған.

- жер үсті бүріккіштері арқылы 19 400 га алаңға химиялық өңдеу жұмыстарын 2025 жылғы 25 ақпандағы №33 шарт негізінде «Pest Mosq treatment» ЖШС жүргізеді, техника саны - 9 бірлік. Келісім шарт сомасы – 50 439 984 теңге.

- аса жеңіл авиациямен – 35 677 га алаңға өңдеу жұмыстарын 2025 жылғы 31 наурыздағы №73 шарт негізінде "Агро СЛА" ЖШС жүргізеді, техника саны – 2 аса жеңіл ұшақ. Келісім шарт сомасы –121 301 800 теңге.

- пилотсыз ұшу аппараттары (дрондар) көмегімен 4 223 гектар алқапқа өңдеу жұмыстарын 2025 жылғы 02 мамырдағы № 88 шарт негізінде РМК «Фитосанитария» жүргізеді. Бөлінген қаражат 12 819 821 теңге, қажетті техникалар 4 бірлік.  

Саяқ шегірткеге қарсы өңдеуге қойылған жер аумағы – 83,45 мың.га құрайды, оның ішінде 34,0 мың.га мемлекеттік жер, 49,45 мың. га – шаруашылық жерлері. Осы мақсатта жергілікті бюджеттен-146,329 млн теңге бөлініп, қызмет көрсетуші мердігерлер анықталды.

Саяқ шегірткеге қарсы өңдеу жұмыстарын аса жеңіл авиациямен – мемлекеттік қордағы жерлер "Sarabbi" ЖШС, және «Карпромснаб" ЖШС 2 аса жеңіл ұшақпен жүргізеді.