Қарағанды облысы бойынша ішкі мемлекеттік аудит департаменті мемлекеттік аудит объектілерінің бекітілген тізбесіне сәйкес Қарағанды облысының бірқатар мемлекеттік мекемелерінде аудиторлық іс-шаралар өткізді, оның ішінде: "Приозерск қаласының білім бөлімі" ММ, "Балқаш қаласының білім бөлімі" ММ және "Саран қаласының білім бөлімі" ММ Қазақстан Республикасының заңнамасына сәйкестік мәселесі бойынша мектепке дейінгі тәрбие мен оқыту саласындағы әлеуметтік инфрақұрылымды және жан басына шаққандағы қаржыландыруды қамтамасыз ету жөніндегі шараларды іске асыруға арналған қаражат бойынша.
Аудит нәтижелері бойынша жалпы сомасы 3 260,7 млн.теңгеге бұзушылықтар, оның ішінде 408,6 мың теңгеге қаржылық бұзушылықтар, рәсімдік сипаттағы бұзушылықтар 3 260,3 млн.теңге анықталды.
"Приозерск қаласының білім бөлімі" ММ-де рәсімдік бұзушылықтар сомасы 241,4 млн. теңге анықталды.
Жүргізілген мемлекеттік аудиттің нәтижелері бойынша "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. №319-III Заңының 62-бабы 6-тармағын бұзылғаны анықталды, 2021-2023жылдары Приозерск қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты есебінен қаржыландыру, сондай-ақ жоспарлау жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз, яғни бюджеттік өтінімдерде мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру есептері болмады, оның ішінде: топтары бөлінісіндегі нормативтер, тәрбиеленушілердің болжамды контингенті және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны болмады, бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп айырысулар кәсіпорындар шығыстарының негізгі түрлері бойынша бере отырып, жалпы жоспарланған сомаға тұтастай көрсетілген.
Анықталған бұзушылықтарды жоюға арналған нұсқама негізінде "Приозерск қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Ахметова Г.К. тәртіптік жауапкершілікке тартылды
"Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде 408,6 мың теңге сомасына қаржылық бұзушылықтар белгіленді, олар аудит нәтижелері бойынша бюджет кірісіне өтелді, сондай-ақ 2347,3 млн.теңге сомасына рәсімдік бұзушылықтар анықталды.
Мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысына ақы төлеудің негізділігі мәселелерін тексеру барысында 2022 жылы есепке алу табельдері бойынша тәрбиеленушілердің келмеуі салдарынан Қазақстан Республикасы Білім Министрінің 27.08.2022 ж. №381 бұйрығымен бекітілген еңбек нарығының қажеттіліктерін ескере отырып, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуға, орта білім беруге, балаларға қосымша білім беруге және техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі білімі бар кадрлар даярлауға мемлекеттік білім беру тапсырысын орналастыру қағидаларының 30 және 31-тармақтарының бұзылғаны анықталды, яғни "Altyn saqa 2019" ЖШС-не мектепке дейінгі тәрбие мен оқытудың мемлекеттік білім беру тапсырысына 408,6 мың теңге сомасында негізсіз ақы төлеуге жол берілді.
"Білім туралы" 27.07.2007 жылғы Қазақстан Республикасы Заңының 62-бабын бұза отырып, Балқаш қаласының 14 мемлекеттік мектепке дейінгі ұйымдарында және 2 жекеменшік мектепке дейінгі ұйымдарында мемлекеттік білім беру тапсырысы қаражаты есебінен 2021-2023жылдары жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз жүзеге асырылды, яғни бюджеттік өтінімдерде жан басына шаққандағы нормативтік құқықтық актілердің есептері болмады, мектепке дейінгі тәрбие мен оқытуды қаржыландыру, оның ішінде: топтары бөлінісіндегі нормативтер, тәрбиеленушілердің болжамды контингенті және бір тәрбиеленушіге жұмсалатын шығыстардың орташа құны болмаған, 081 және 202 бюджеттік бағдарламалар бойынша есеп айырысулар кәсіпорындар шығыстарының негізгі түрлері бойынша бере отырып, жалпы жоспарланған сомаға тұтастай көрсетілген.
Тексеру нәтижелері бойынша "Балқаш қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің бас бухгалтері Бубнова О.И. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
"Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінде рәсімдік бұзушылықтар сомасы 671,6 млн.теңгеге анықталды.
Сондай-ақ, "Білім туралы" Қазақстан Республикасының 27.07.2007 ж. №319-III Заңының 62-бабы 6-тармағын бұзылғаны анықталды, 2020-2023жылдары Саран қаласының барлық мектепке дейінгі ұйымдарын мемлекеттік білім беру тапсырысы есебінен қаржыландыру, сондай-ақ жоспарлау жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескерусіз жүзеге асырылды, яғни бюджеттік өтінімдерде жан басына шаққандағы нормативтік құқықтық актілердің есептері болмады.
Аудит қорытындысы бойынша "Саран қаласының білім бөлімі" мемлекеттік мекемесінің экономисі Зиброва Е.Г. тәртіптік жауапкершілікке тартылды.
Жоғарыда көрсетілген кемшіліктер 2020-2023 жылдары Приозерск, Балқаш және Саран қалаларының барлық мектепке дейінгі ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысын жүзеге асыру нәтижесінде жан басына шаққандағы нормативтік қаржыландыру әдістемесінің талаптарын ескермей яғни мектепке дейінгі білім беру ұйымдарының мемлекеттік білім беру тапсырысы бойынша шығыстар, әдістеме бойынша есептелмеген.