Құрметті Абай ауданының тұрғындары!
2025 жылдың 24 сәуір күні Абай қаласында терроризмге қарсы оқу - жаттығулар өтеді.
Оқу жаттығулардың мақсаты адамдар көп жиналатын жерлерде террорлық сипаттағы қауіп төнген жағдайда өзара іс - қимыл жасау дағдыларын пысықтау болып табылады.
Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Аудандағы көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелерді ішінара жабу болуы мүмкін.
Аудан тұрғындарын өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарап, оқу-жаттығу кезінде сабырлық сақтауды сұраймыз.