Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша семинар өтті

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша семинар өтті

Мемлекеттік корпорацияда сыбайлас жемқорлыққа қарсы комплаенс бойынша семинар өтті. Іс-шараға Басқарма мүшелері, құрылымдық бөлімшелер мен Филиал басшылары қатысты.

Семинар барысында ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің Сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру басқармасының басшысы Уәлихан Құрамаев қатысушыларды сыбайлас жемқорлыққа қарсы заңнамадағы өзгерістермен таныстырып, Қазақстанда сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтары үшін жауапкершіліктің күшейтілгенін атап өтті. Ол сондай-ақ, 2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап Мемлекеттік корпорация қызметкерлері мемлекеттік қызметшілерге теңестірілгенін және оларға қатысты сыбайлас жемқорлыққа қарсы шектеулер қолданылатынын жеткізді.