Абай хореографиялық ансамблі халықаралық байқау қазылар алқасының жүрегін жаулап алды

Абай хореографиялық ансамблі халықаралық байқау қазылар алқасының жүрегін жаулап алды

Абай қаласындағы «Дидар» хореографиялық ансамблі 2025 жылдың наурыз айында Ташкент қаласында өткен II Халықаралық "Жеті өнер" байқауының қатысып, бірнеше жас санатындағы би композицияларын ұсынып, өздерінің таланттарының биіктігін көрсете отырып, қазылар алқасының шешімімен төрт Гран-прилерді жеңіп алды. Халықаралық байқаудан жеңіске жеткен жетекшісі Дидар Ақанқызына, 50 ден астам қатысқан абайлықтарға ерекше алғысымызды білдіріп, бағындырар белестерін биік болсын демекпіз.