Абай ауданы Құрма ауылында жаңа мәдени-демалыс орталығы ашылды

Абай ауданы Құрма ауылында жаңа мәдени-демалыс орталығы ашылды

Абай ауданының Құрма ауылында мәдени-демалыс орталығы ашылды.

Кең ғимаратта ауылдық клуб, кітапхана, балалар және жастар коворкинг орталықтары орналасқан.

Ауыл тұрғындарының белсенді демалысына арналған домбыра, вокал, хореография үйірмелері, спорт және жаттығу залдары бар.

Құрма округінде демалыс орталығы көп жылдар бойы болмаған. 2016 жылы Құрмада жаңа мектеп салынды, ал оқу ордасы болған ескі ғимарат бос қалған.

"Ауыл – Ел бесігі" жобасы бойынша ол қайта жаңартылып, жөнделді.

– Бұл тұрғындардың өтініші бойынша салынған көптен күткен нысан. Енді балалар бос уақыттарын тиімді өткізе алады. Округ үшін негізгі мемлекеттік мекемелер де осында орналасқан. Бұл ауылдық әкімдік, учаскелік полиция пункті, ветеринария кабинеті және пошта. Бұрын олардың барлығы көп қабатты үйлердің қарапайым пәтерлерінде болған. Биылғы жылы кентішілік жолдарды жөндеп, жарықтандыру жұмыстарын жүргіземіз, – деді Қарағанды облысының әкімі Ермағанбет Бөлекпаев ауыл тұрғындарына арнаған сөзінде.

– Мен мұнда 1971 жылдан бері тұрамын. Біздің ауыл өте үлкен, онда жастар көп. Сондықтан мен ескі мектеп ғимаратының бос қалмағанына қуаныштымын, енді міне осындай үлкен орталық ашылды. Менің немерем домбырамен айналысады. Енді біз мұнда міндетті түрде барамыз. Бұл Жұмабек пен Құрма тұрғындары үшін жақсы жаңалық, – деп бөлісті жергілікті тұрғын Майра Тайымбаева.

Сондай-ақ, облыс әкімі "Құрма агрофирмасы" жергілікті қала құраушы кәсіпорнында болды. Өткен жылы зауыт 252 808 мың дана жұмыртқа және 448 тоннадан астам тауық етін өндірген.

– Бізде сою цехы қайта жаңартылды. Тиімділік төрт есе өсті. Өткен жылға дейін сою тәулігіне бір жарым мың бас, қазір тәулігіне 7 мың басқа дейін болды. Биылғы жылы алғашқы тәжірибелік құс үйі іске қосылды. Жабдық неміс "Хельман". Қайта құру мен жаңа жабдықтардың арқасында әр құс қораларында құстардың саны артады. Онда 88 мыңға дейін тауық отырады. Бұрын 25 мың бас болған. 

Біз күніне 650–700 мың жұмыртқа аламыз. Жұмыс орындары – 270, – деді "Агрофирма Курма" ЖШС директорының орынбасары Юрий Кузьмин.

Сондай-ақ, облыс әкімі фабриканың еңбек ұжымымен кездесті.

Кәсіпорын қызметкерлері еңбек жағдайлары туралы айтып, ауылды абаттандыруға назар аударуды сұрады.