Сайланған әкімдер жергілікті қоғамдастыққа өкілдік етеді

Сайланған әкімдер жергілікті қоғамдастыққа өкілдік етеді

Ағымдағы жылғы 31 шілдеде Мичурин және Ақбастау округтерінде әкімдердің сайлауы өтті. Сайлау нәтижесінің қорытындысы бойынша көп дауыс жинаған Мичурин ауылының әкімі болып Е. О. Баймағамбетов және Ақбастау округінің әкімдігіне Р. Б. Тұяқбаев сайланды. Бүгін аудан әкімі жаңадан сайланған әкімдерді жергілікті қауымдастыққа ресми таныстырды. Бұл азаматтар бұған дейін де аталған елді мекендерде әкім болған. Жалпы халықтың тыныс-тіршілігімен жете таныс. Жаңадан сайланған әкімдерге елдің мұң-мұқтажын уақтылы қарап, тиісті жұмысты ұйымдастыруды тапсырды.