Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Санақ персоналын қабылдау жөніндегі хабарландыру

Қазақстан Республикасының Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының Қарағанды облысы бойынша департаменті ақылы қызмет көрсету келісім шарты бойынша санақ персоналын қабылдайтынын хабарлайды:

 

 

Нұсқаушы-бақылаушы

Интервьюер (тіркеуші)

Жұмыс кезеңі

2021 жылғы 26 қыркүйектен бастып 7 қарашаға дейін

2021 жылғы 1 қазаннан бастап 30 қазанға дейін

Негізгі функциялар

Интервьюерлерді оқыту, интервьюерлер жұмысының сапасына бақылау жүргізу, санақ парақтарының толық толтырылуын, алынған алғашқы статистикалық деректердің қамтылуын және шынайылығын бақылау

Үй шаруашылықтары арасында үгіттеу-түсіндіру жұмыстарын жүргізу, бекітілген тіркеу учаскесінде планшетте электрондық түрде халық санағын жүргізу.

Жеке құзыреттерге қойылатын талаптар

Талдамалық ойлау, командамен жұмыс істеу, қарым-қатынас жасау, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау

Барлық қажетті негіздерге назар аудару, көпшілдік, ауызша және жазбаша қарым-қатынас, жауапкершілік, этикалық нормаларды сақтау, нәтижеге бағдарлау

Еңбекақысы

125 мың теңге (жұмыстың барлық кезеңінде)

орташа жүктеме 833 санақ объектісі болған жағдайда 104 мың теңге

(124,85 теңге – 1 адам)

     

Еңбек ақыдан БЖЗҚ-да, табыс салағы мен медициналық сақтандыруда ұсталуға жатады

Үміткерлерге қойылатын талаптар:

- жасы – 18 жас және одан асқандар;

- білімі – жоғары, техникалық және кәсіптік (орта арнайы), ортадан кейін, жалпы орта білім, еңбек өтіліміне қойылатын талаптарсыз;

- портативті құрылғылармен – планшеттермен жұмыс істеу дағдыларына ие болу.

Санақтың нұсқаушы-бақылаушысы және интервьюерлеріне үміткерлер тек коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинацияның толық курсын алған жағдайда жұмысқа тартылады.

Үміткерлердің өтінімдері (түйіндемелері) ni.sergeeva@aspire.gov.kz Абай ауданы

статистика басқармасының электрондық мекенжайларына қабылданады.

Өтінімде (түйіндемеде) міндетті түрде жасы, білімі, жұмыс тәжірибесі, қалаған лауазымы және үміткердің жұмыс істегісі келетін елді мекен көрсетілуі қажет.

Анықтама телефондары: 42658, 41609