Қарағанды облысы Абай ауданындағы жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі электрондық сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Қарағанды облысы Абай ауданындағы жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі электрондық сауда-саттық (аукцион) өткізу туралы хабарландыру

Құрметті әлеуетті сауда-саттыққа қатысушылар! «Абай ауданы әкімінің аппараты» ММ-сі 2021 жылы 06 тамызда сағат 13:00-де (Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша) Мемлекеттік мүлік тізілімінің www.gosreestr.kz веб-порталында жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі бағасын көтеру әдісі бойынша электрондық аукцион өткізеді.

Аукционға қатысуға өтінім беру Қазақстан Республикасы Ұлттық экономика министрінің 2015 жылғы 31 наурыздағы №290 бұйрығымен бекітілген «Жер учаскесін немесе жер учаскесін жалдау құқығын сату жөніндегі сауда-саттықты (конкурстарды, аукциондарды), оның ішінде электрондық түрде ұйымдастыру және өткізу қағидасына» сәйкес қабылданады.
Аукционға қатысуға өтінімдерді беру және тіркеу аукцион өткізу туралы хабарландыру тізілімнің веб-порталында жарияланған күннен бастап жүргізіледі және аукцион басталғанға дейін жиырма төрт сағат бұрын аяқталады, содан соң қатысушылар берген өтінімдерін кері қайтара алмайды.
Аукционға қатысу үшін мыналарды:
1) жеке тұлғалар үшін:
- жеке сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – ЖСН), тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
2) заңды тұлғалар үшін:
- бизнес сәйкестендіру нөмірін (бұдан әрі – БСН), толық атауын, бірінші басшының тегін, атын, әкесінің атын (бар болса);
3) кепілдік жарнаны қайтару үшін екінші деңгейдегі банктегі есеп-айырысу шотының деректемелерін;
4) байланыс деректерін (почталық мекенжайы, телефоны, факс, e-mail) көрсете отырып, тізілімнің веб-порталында алдын-ала тіркелу қажет.
Аукционға қатысушы ретінде тіркелу үшін нысан бойынша қатысушының ЭЦҚ қол қойылған сауда-саттыққа қатысуға өтінімді тізілімнің веб-порталында тіркеу қажет.
НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Қатысушының хабарламада көрсетілген талаптарды сақтамауы, сондай-ақ бірыңғай оператордың арнайы транзиттік шотына сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген кепілдік жарнаның сауда-саттық басталғанға  сағат бұрын түспеуі тізілім веб-порталының өтінімді қабылдаудан бас тартуы үшін негіз болып табылады.
Тізілімнің веб-порталы автоматты тексеру нәтижелері бойынша тізілімнің веб-порталында көрсетілген қатысушының электрондық мекенжайына өтінімді қабылдау не өтінімді қабылдаудан бас тарту себептері туралы электрондық хабарлама жібереді.
Аукционға жіберілген қатысушыға тізілімнің веб-порталы беретін аукцион нөмірі бойынша аукцион залына кіруге рұқсат беріледі.
Аукционға қатысушылар аукцион басталғанға дейін бір сағат ішінде ЭЦҚ мен аукцион нөмірін пайдалана отырып, аукцион залына кіреді. Аукцион сату объектісінің бастапқы құнын аукцион залында автоматты түрде орналастыру жолымен сауда-саттықты өткізу туралы хабарламада көрсетілген Нұр-Сұлтан қаласының уақыты бойынша басталады.
Әрбір сатылған сату объектісі бойынша аукцион нәтижелері сауда-саттық нәтижелері туралы электрондық хаттамамен ресімделеді, оған сатушы және жеңімпаз ЭЦҚ пайдалана отырып, сауда-саттық өткiзiлген күнi тізілімнің веб-порталында қол қояды.
Сауда-саттық нәтижелері туралы хаттама аукцион нәтижелерін және жеңімпаз бен сатушының сату объектісін сату бағасы бойынша сатып алу-сату шартына қол қою міндеттемесін белгілейтін құжат болып табылады.
Сатып алу-сату шарты немесе жалдау шарты электрондық форматта тізілімнің веб-порталында жасалады және сатушы мен сатып алушы ЭЦК пайдалана отырып сауда-саттық нәтижелері туралы хаттамаға қол қойылғаннан кейін оған қол қояды. Сауда-саттық объектісін сатып алу-сату шарты хаттама рәсімделген күннен бастап 2 (екі) жұмыс күні ішінде жасалады.
Аукционға қатысу үшін кепілдік жарналар аукцион өткізілетін күнге дейін мемлекеттік мүлікті есепке алу саласындағы бірыңғай оператордың төмендегі шотына төленеді:
Төлемді алушы: «Ақпараттық-есептеу орталығы» АҚ; БСН: 050540004455; ТТК: 171; БЕК: 11.
Банк аталуы: «Қазақстан Халық Банкі» АҚ; ЖСК: KZ946017111000000330; БСК: HSBKKZKX.
Төлем мақсаты: Электрондық аукционға қатысу үшін кепілдік жарна.
Назар аударыңыз! Жеңiмпазға ол сауда-саттықтардың нәтижелерi туралы хаттамаға не сатып алу-сату шартына қол қоймаған жағдайда кепiлдiк жарнаны қайтармайды.
Қалған барлық жағдайларда кепілдік жарналар аукционға қатысушы бірыңғай операторға тізілімнің веб-порталында қатысушының қол қойылған ЭЦҚ арқылы, өтініш берген күннен бастап үш жұмыс күнінен кешіктірілмейтін мерзімде қайтарылады.

 

Бағасын арттыру әдісін қолдану арқылы өткізілетін электрондық сауда-саттыққа (аукционға) мынадай сатылым нысандары шығарылады:

 

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Мичурин ауылдық округі, Агрогородок ауылы, Дружба мен Школьная көшелерінің қиылысы.

Нысаналы тағайындалуы: сауда павильон орнату.

Ауданы: 0,0070 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 1 176 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы:  71 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Южный кенті, Сейфуллин көшесі

Нысаналы тағайындалуы: дүкен салу.

Ауданы: 0,0100 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 6 302  теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 180 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Көксу ауылдық округі, Жартас ауылы.

Нысаналы тағайындалуы: намазхана салу.

Ауданы: 0,3903  га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 54 642  теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 2248 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы.

Нысаналы тағайындалуы: (автожуу, көлік жөндеу)  объекті салу.

Ауданы: 0,1000 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 31000 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 576 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы.

Нысаналы тағайындалуы: коммерциялық  объекті салу.

Ауданы: 0,2253 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 69843 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 1298 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

6.Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай ауданы, Дубовка ауылы, «ГазЭнерджи» АЗС қасында.

Нысаналы тағайындалуы: жол бойындағы сервис  объектін салу.

Ауданы: 0,3000 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 93000 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 1728 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай қаласы, 30А орам, 19 ұяшық, 7 орын

Нысаналы тағайындалуы: гараж салу.

Ауданы: 0,0030 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 3795 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 261 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

  1. Жер учаскесінің орналасқан жері: Карағанды облысы, Абай қаласы, 4 ықшам ауданы

Нысаналы тағайындалуы: қонақ үй салу.

Ауданы: 0,1250 га.

Құқық түрі: Уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге).

Бастапқы бағасы: 158 125 теңге.

Кепілдік жарна: 145850 теңге.

Жылдық жалгерлік ақысы: 10860 теңге.

Жер учаскесін пайдалану шектеулері мен ауыртпалықтары: санитариялық және экологиялық нормаларды сақтау.

Бағасын арттыру әдісін қолдану арқылы өткізілетін екінші электрондық сауда-саттыққа (аукционға) мынадай сатылым нысандары шығарылады:

 

1.Жер учаскесінің орналасқан жері: Қарағанды облысы, Абай ауданы, Абай  қаласы, 27 квартал, 2 қатар, 1Б орын

Нысаналы мақсаты: гараж салу

Ауданы: 0,0026 га

Құқық түрі: уақытша өтеулі жер пайдалану (5 жыл мерзімге)

Бастапқы бағасы: 3 289 теңге

Ең төменгі баға: 3 289 теңге

Кепілдік жарна: 145 850 теңге

Жыл сайынғы жалдау ақысы: 339 теңге

Жер учаскесін пайдаланудағы шектеулер мен ауыртпалықтар: санитарлық және экологиялық нормаларды сақтау.

 

Ұйымдастырушы: «Абай ауданының жер қатынастары, сәулет және қала құрылысы бөлімі» ММ-сі, анықтама алу үшін телефон: 8 (72131) 47096, 41958