"Таланттар пулы"

"Таланттар пулы"

Қарағандылықтар "Азаматтарға арналған үкіметтің" кадрлық резервіне қабылданды

Жылдың басында "Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясы өзінің "Дарындылар пулы" атты кадр резервіне іріктеу басталғаны туралы жариялаған болатын. Екі мыңға жуық адам өз күштерін сынап көріп, тестілеу мен әңгімелесуден тұратын бірнеше кезеңнен өтті. Құрамына белгілі қоғам қайраткерлері, мемлекеттік органдардың және "Азаматтарға арналған үкіметтің" өкілдері енген арнайы комиссия кандидаттарды іріктеген болатын.
Нәтижесінде кадрлық резервке 353 адам қабылданды және олардың 24-і Қарағанды облысынан. Енді оларға компаниядағы бос басшылық лауазымдарды ұсынатын болады.