БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

БЖЗҚ-дағы ашық есік күні

Бірыңғай жинақтаушы зейнетақы қоры тұрғындар арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жүргізу аясында 27 қараша күні онлайн форматта «Ашық есік күнін» өткізеді. Әрбір адам арнайы онлайн-платформаның көмегімен осы іс-шараға үйден шықпай-ақ қатыса алады.

Іс-шараның тақырыбы – «Қазақстан Республикасының зейнетақы жүйесі. Зейнетақыны жоспарлау» деп аталады. Колледждер мен жоғары оқу орындарының студенттері – Ашық есік күнінің негізгі аудиториясы. «Ашық есік күніне» қатысушылар шеберлік сабағы форматында Қазақстанның жинақтаушы зейнетақы жүйесінің қалай жұмыс істейтіні туралы білетін болады. Қор мамандары оларға болашақ зейнетақыларын есептеуге көмектесіп, жеке зейнетақы шотының жай-күйі туралы ақпарат алудың ең жылдам әдістерін көрсетеді.   

  Сонымен қатар зейнетақы жүйесінің жұмысына қатысты басқа да мәселелер бойынша кешенді ақпарат беру де осы іс-шараның мақсаты болып табылады.   

Естеріңізге сала кетейік, «Ашық есік күні» онлайн-форматта 27 қарашада сағат 10:00 де, және 12:00 де өтеді. Іс-шараға қатысу үшін тіркелу қажет. Әр қатысушыға сілтеме https://enpf.webex.com/enpf/onstage/g....b27aae4b39 бойынша өту керек. Содан кейін event-мәжіліс нөмірін 176 454 3975 және event-мәжіліс паролін 1231  енгізіңіз.

 

Біз сіздерді күтеміз!