Назар аударыңыз! Оқу-жаттығулар өтеді!

Назар аударыңыз! Оқу-жаттығулар өтеді!

Құрметті Абай ауданының тұрғындары!

2026 жылдың 18 мамыр күні сағат 10.00-14.00 аралығында Абай қаласында терроризмге қарсы оқу - жаттығулар өтеді.

«Абай қаласының жабық жүзу бассейні» ғимаратының қоршауында террористік көріністерге шұғыл ден қою бойынша оқу іс-шарасын өткізу жоспарлануда.

Оқу-жаттығуларды өткізу кезінде шектеу шаралары қарастырылатынын хабарлаймыз. Көлік құралдарының қозғалысын шектеу арқылы көшелерді ішінара жабу болуы мүмкін.

Өткізілетін іс-шараларға түсіністікпен қарауды, тартылған қызметтердің заңды талаптарын орындауды, тек ресми ақпарат көздеріне сенуді және жалған мәліметтердің таралуына жол бермеуді сұраймыз.

 

Абай аудандық терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабы