
Бүгін Абай ауданының мемлекеттік мекемелерінде ерекше атмосфера сезіледі: қызметкерлер «Ұлттық киім күні» акциясын қолдап, ұлттық киімдер киіп, дәстүрлі әшекейлермен өз образдарын толықтырды.
Ұлттық киім элементтері күнделікті жұмыс ортасын көркейтіп қана қоймай, келушілердің назарын аударып, мерекелік көңіл-күй мен мәдени дәстүрлерге деген қызығушылықты арттыруда.
Ұлттық киім – халықтың болмысын, эстетикалық талғамын және ғасырлар бойы қалыптасқан мәдени мұрасын айқындайтын маңызды құндылық. Осындай бастамаларға мемлекеттік қызметшілердің қатысуы тарихи мұраға деген құрмет пен ұрпақтар сабақтастығын көрсетеді.
Ұлттық киім күні – мәдени бірегейлікті нығайтуға және рухани құндылықтарды сақтауға бағытталған маңызды қадамдардың бірі.