Абай ауданында «Шаңырақ күні» аталып өтті

Абай ауданында «Шаңырақ күні» аталып өтті

17 наурыз күні «Наурызнама» мерекелік онкүндігі аясында елімізде «Шаңырақ күні» атап өтіледі. Бұл күн отбасы құндылықтарын, бірлік пен ұрпақтар сабақтастығын дәріптейтін маңызды мерекелердің бірі. Осыған орай Абай ауданында биыл 50 жыл бірге өмір сүріп келе жатқан отбасыларға құрмет көрсетілді. 

Әр отбасының өзіндік өмір жолы, бірге еңсерген қиындықтары мен қуанышты сәттері бар. Олар ұрпақ тәрбиелеп, бүгінде немере сүйіп, өнегелі өмірдің үлгісін көрсетіп отыр.

Мұндай тағылымды отбасылар жас ұрпаққа үлгі болып, отбасы құндылықтарының маңызын арттыра түседі. Берік отбасы – қоғамның негізі әрі тұрақты дамудың кепілі.

Алтын шаңырақ иелері – ұрпақтан-ұрпаққа жалғасатын ұлттық дәстүрлер мен рухани құндылықтардың сақтаушылары. Олардың өмір жолы – адалдықтың, сүйіспеншіліктің және өзара құрметтің жарқын үлгісі.