
"Азаматтарға арналған үкімет" мемлекеттік корпорациясының Қарағанды облысы бойынша филиалы электрондық кезек талондарын алдын ала брондау жөніндегі пилоттық жобаның іске қосылғаны туралы хабарлайды. Жоба 2026 жылдың 20 ақпанынан бастап Абай қаласының Халыққа қызмет көрсету бөлімінде күшіне енеді.
Жаңа сервис азаматтарға сапардың қажетті күні мен уақытын алдын ала таңдауға мүмкіндік береді. Ол үшін "ЦОН" мобильді қосымшасын, электрондық үкімет порталын немесе 1414 Бірыңғай байланыс орталығын пайдалануға болады. Брондаудан кейін өтініш беруші растауы бар SMS-хабарлама алады.
Бұдан басқа, дайын құжаттарды беру және өзіне-өзі қызмет көрсету секторының қызметтері, бұрынғыдай, алдын ала жазылусыз көрсетілетін болады.
Ерекше жағдайларда және алдын ала брондау мүмкіндігі болмаған жағдайда егде жастағы азаматтарға, ҰОС ардагерлеріне, мүгедектігі бар адамдарға, сондай-ақ шетел азаматтарына арналған бір жұмыс орны көзделгенін атап өтеміз.
Сондай-ақ «ЦОН» мобильді қосымшасын пайдалану үшін ЖСН және телефон нөмірі арқылы авторизациядан өту қажет екенін еске саламыз (қосымша App Store және Google Play платформаларында қолжетімді).
Пилоттық жобаны енгізу жаңа жүйенің ыңғайлылығы мен тиімділігін бағалауға және қажет болған жағдайда функционалдылықты кеңейту алдында жақсартулар енгізуге мүмкіндік береді.
Пилоттық режим шеңберінде алдын ала брондау жүйесінің қажеттілігі мен тиімділігіне бағалау жүргізілетін болады. Талдау нәтижелері бойынша сервистің функционалын одан әрі енгізудің және ықтимал кеңейтудің орындылығы туралы шешім қабылданады.