
Сайлау – бұл тек құқық қана емес, әр азаматтың жауапкершілігі. Әсіресе жастардың өз құқықтарын білуі және демократиялық процестерге қатысу маңызды.
Ауданымызда осы күнге орай дебат турнирін еске аламыз. Оны аудандық сайлау комиссиясы мен Жас сайлаушылар клубы ұйымдастырған болатын. Қатысушылар маңызды мәселелерді талқылап, пікірлерін дәлелді жеткізуді үйренді және әрбір дауыстың мәнін түсінді.
Жастар – елдің болашағы. Сайлауға қатысу құқығын білу жауапты және белсенді азаматтық қоғамды қалыптастыруға көмектеседі.