Абай қаласында «Құстарға үй сыйлайық» шарасы өтті

Абай қаласында «Құстарға үй сыйлайық» шарасы өтті

Абай қаласында «Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында «Құстарға үй сыйлайық» шарасы өтті.

Акцияға 100-ге жуық оқушылар, жастар ұйымдарының өкілдері қатысты.

Іс-шара аясында құс үйлерін дайындау бойынша шеберлік сағаты өтіп, құстарға арналған 34 жылы ұя дайындалды.

 «Аталған жоба балаларымыздың құс ұясын қалай жасау керектігін білуі үшін жүзеге асырылады. Бұл балаларға табиғатты қорғауды, басқа адамдардың еңбегін құрметтеуді үйренуге көмектеседі», - деп атап өтті «технология» пәнінің мұғалімі Бейсенбеков Сабыр.

Сондай-ақ, мұндай іс-шаралар тек дәстүрге ғана емес, халқымыздың жүрегіне жылу ұялату үшін тұрақты негізде жүзеге асырылатынын айтты.

#ТазаҚазақстан #устойчивоеразвитие #чистаястрана #экология #TazaChallenge #TazaQazaqstan #Абайауданы