Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация жаңа сервисті іске қосты

Мемлекеттік корпорация қызмет алушыға ақпараттық жүйелердің техникалық жағдайы туралы алдын ала білуге мүмкіндік беретін жаңа сервисті іске қосты.

Енді «ЦОН» мобильді қосымшасында, мемлекеттік корпорацияның сайтында, сондай-ақ халыққа қызмет көрсету бөлімдеріндегі электронды таблоларда белгілі бір мемлекеттік қызметтің уақытша қолжетімсіздігі туралы ақпарат көрсетіледі.

Бұл жаңа сервистің арқасында азаматтар ХҚКО-ға баруды алдын ала жоспарлай алады.