Шаруа (фермер) қожалығына жер учаскесін пайдалану құқығын қалай алуға болады?
ҚР Жер кодексінің 43-1-бабына сәйкес шаруа немесе фермер қожалығын жүргізу үшін уақытша өтеулі жер пайдалану (жалға алу) құқығын беру бойынша жер учаскелері конкурс негізінде жүзеге асырылады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға қалай кезекке тұруға болады?
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін алуға кезекке қою үшін Қазақстан Республикасының азаматтары:
“Жер қатынастары саласында мемлекеттік қызметтер көрсету жөніндегі қағидаларды бекіту туралы” Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген
“Жер учаскесін алуға кезекке қою” мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес құжаттарды береді.
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21366 болып тіркелген)
Елді мекен шегінде коммерциялық нысан салу үшін жер учаскесін қалай алуға болады?
Жер кодексіне сәйкес жер учаскелерін беру Мемлекеттік мүлік тізілімінің веб-порталында электрондық түрде жер учаскелерін сату немесе жалға алу құқығы бойынша сауда-саттық (аукциондар) негізінде жүзеге асырылады.
Сауда-саттықты (аукционды) электрондық түрде ұйымдастыруды және өткізуді аудандардың, облыстық маңызы бар қалалардың жергілікті атқарушы органдары жүзеге асырады.
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін жер учаскесін қалай тегін алуға болады?
Жеке тұрғын үй құрылысы үшін кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін алу үшін Қазақстан Республикасының азаматтары:
“Кент, ауыл жерлерінен жер учаскесін беру” мемлекеттік қызмет көрсету қағидаларына сәйкес Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрінің 2020 жылғы 1 қазандағы №301 бұйрығымен бекітілген құжаттарды тапсырады.
(Нормативтік құқықтық актілерді мемлекеттік тіркеу тізілімінде №21366 болып тіркелген)