Шығып қалғанның орнына Абай аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындады

Абай аудандық сайлау комиссиясының
Хабарламасы

 

«Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы» Қазақстан Республикасы Конституциялық заңының 101-бабының 3-1, 6-тармақтарына сәйкес Абай аудандық сайлау комиссиясы 2024 жылғы 31 наурызға № 8 бір мандатты аумақтық сайлау округі бойынша шығып қалғанның орнына Абай аудандық мәслихатының депутатын сайлауды тағайындады. 

Мәслихат депутаттығына кандидаттарды ұсыну 2024 жылғы 31 қаңтардан басталады.

Округ орталығы: Топар кенті, «Абай атындағы тірек мектебі (РО)» КММ, Нұркен Әбдіров көшесі 11а, тел: 872153-3-20-97.

Округтің шекаралары: № 431, № 432 сайлау учаскелері. 

 

Абай аудандық сайлау комиссиясы

Абай аудандық сайлау комиссиясының шешімі
Дата публикации
31 января 2024