Абай ауданы әкіміне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы

2021 жылғы 15 шілдеде Абай ауданының аумақтық сайлау комиссиясының отырысы өтті, онда «2021 жылғы 25 шілдеге тағайындалған Абай ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындысы туралы» шешім қабылданды.

Абай ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне кандидаттарды тіркеу қорытындылары туралы сайлау комиссиясының төрайымы Н.В.Сергеева баяндама жасады.

Ол 2021 жылғы 14 шілде сағат 18-дегі жағдай бойынша аудандық сайлау комиссиясы Абай ауданының кенттер, ауылдық округтер әкімдігіне ұсынылған 18 кандидаттың 17-ін тіркегенін хабарлады.

Тіркелген кандидаттар қатарында 13 (77%) ер адам және 4 (23%) әйел адам.

Мамандықтар бойынша: 4 – экономист, 5 – заңгер, 1 – оқытушы, 7-басқа.

 Үміткерлер арасында: 2 коммерциялық құрылым қызметкерлері,

4 мемлекеттік ұйымдардың, кәсіпорындар мен мекемелердің қызметкерлері, 8 мемлекеттік қызметші, қоғамдық ұйымдардың өкілдері жоқ 1 уақытша жұмыс істемейтін, 2 басқа.

14 шілде сағат 18-ден бастап Абай ауданының кенттері, ауылдық округтері әкімдеріне тіркелген барлық кандидаттар ағымдағы жылғы 23 шілде сағат 00.00-ге дейін жалғасатын сайлау алдындағы үгітті бастауға құқылы.

Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясының «Бұқаралық ақпарат құралдарында сөз сөйлеу үшін кандидаттарға қаражат бөлу қағидалары мен көлемін бекіту туралы» 2018 жылғы 25 тамыздағы №12/202 қаулысына сәйкес кандидатқа БАҚ - та өз бағдарламаларымен сөз сөйлеу үшін қаражат бөлу көзделген: теледидарда - 15 минут; радиода-10 минут; мерзімді баспасөз басылымдарында немесе желілік басылымдарда екі мақаласын жариялау үшін 0,1 баспа парағынан артық емес.

Барлық кандидаттарға заңнамада үгіт жұмыстарын жүргізу үшін тең жағдайларға кепілдік беріледі.

Дата публикации
15 июля 2021