Энергетикалық қадағалау СҚО ірі зауыттарына миллиондаған теңгеге айыппұл салды

Энергетикалық қадағалау СҚО ірі зауыттарына миллиондаған теңгеге айыппұл салды

500 АЕК-ке айыппұл салынған "ПЗТМ" АҚ бұзушылар қатарында, бұл шамамен 2 млн теңгені құрайды, - деп хабарлайды 7152.kz тілшісі.

ҚР Энергетика министрлігі Атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің СҚО бойынша аумақтық департаментінде өткен жылдың қорытындылары туралы айтылды.

Электр энергетикасы саласында жоспардан тыс 2 тексеру жүргізілді, оның барысында облыс кәсіпорындарында жарты миллион теңге сомасына әкімшілік бұзушылықтар анықталды.

Әкімшілік хаттама, атап айтқанда, "Қазстройтехник" ЖШС-не жасалды. Кәсіпорынның лауазымды қызметкерлеріне 553 мың теңге айыппұл салынды.

Бұзушылықтарды жою туралы нұсқамалар СҚО-ның ірі зауыттарына да жазылды.

- Бүгінгі таңда екі кәсіпорын бойынша нұсқамаларды орындау мерзімі жақындаған жоқ. Біреуінің, яғни, "ПЗТМ" АҚ-ға қатысты нұсқама мерзімі жақындады. Департамент нұсқаманың орындалуын бақылау бойынша жоспардан тыс тексеру жүргізді, нұсқаманың орындалмағаны анықталды және департамент әкімшілік хаттама жасады. Сот шешімімен 500 АЕК көлемінде айыппұл салынды, - деді ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің СҚО бойынша аумақтық департаментінің басшысы Николай Борзилов.

Атом энергетикасы саласында тиісті лицензиясыз иондаушы сәулелену аспаптарын пайдалануда бұзушылық анықталды. Материалдар кассациялық сотқа жіберілді.