Ағымдағы жылдың 9 қаңтарында Қазақстан Республикасы энергетика Министрлігі атомдық және энергетикалық қадағалау және бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша аумақтық департаментінің басшысы Талғат Нұрланбекұлы Испуловтың төрағалығымен облыстың энергетикалық кәсіпорындарының бірінші басшыларының қатысуымен 2024-2025 жылдардағы жылыту маусымының тұрақты өтуін қамтамасыз ету және энергия объектілерінде болған технологиялық бұзушылықтар туралы уақтылы хабардар ету мәселелері бойынша кеңес өткізілді.
Сондай ақ кеңес барысында ағымдағы жылдың алдағы жөндеу науқаны мен энергетикалық және коммуналдық секторларды жаңғырту жөніндегі ұлттық жобаны іске асыру мәселелері талқыланды.