Қауіпсіздік техникасы күні

Қауіпсіздік техникасы күні

Еңбек қауіпсіздігі талаптарын сақтау – әрқайсысымыздың жауапкершілігіміз.
           ҚР ЭМ Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитетінің 2023 жылға және 2024 жылғы 3ай ішіндегі республика көлеміндегі энергетикалық кәсіпорындарда орын алған жазатайым оқиғаларға жүргізілген мониторинг нәтижесі бойынша, Түркістан облысының Кентау қаласында орналасқан «Кентау Сервис» МКК-нің қызметкерлері үшін жоспар бойынша өткізілген Техникалық қауіпсіздік күніне Түркістан облысы бойынша аумақтық департамент қызметкерлері де қоса қатысты.
           Департамент кәсіпорын қызметкерлерімен бірлесіп мониторингте көрсетілген жазатайым оқиғалардың себептерін талқылап және оның энергетика саласындағы қолданыстағы заңдылықтарды сақтамаудан туындайтынын ескертіп, электр станцияларының және жылу желілерінің жылу-механикалық жабдықтарын пайдалану кезіндегі төтенше жағдайлардың алдын алу шараларын қабылдап, қауіпсіздік техникасын қатаң сақтау қажеттігін ерекше атап өтті, сонымен қатар тиісті деңгейде түсіндірме жұмыстарын жүргізді.
           Бұл жұмыстар тұрақты түрде алдағы уақытта да өз жалғасын табатын болады.