«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда

«Майқайың-алтын» АҚ тау-кен ауданындағы опырылған жерде іздестіру жұмыстары жалғасуда

Техниканың шұңқырдың түбіне өтуі үшін жолды кеңейту бойынша жұмыстар тәулік бойы жүргізілуде. Барлығы 150 мың текше метрден астам топырақ пен тау жыныстары шығарылды.

Бүгін 13 қаңтарда облыстық ТЖД құтқарушылары топырақ пен тау жыныстарының автобустың орналасқан жеріне түсу ықтималдығын анықтау үшін шұңқырдың түбіне түсті. Топырақтың түсу қаупі әлі де сақталуда.


Павлодар облысы әкімінің баспасөз қызметі