Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс-релиз

Республиканың электр желілерін күрделі жөндеу жөніндегі пресс-релиз

Жыл сайын мамырдан қыркүйекке дейін энергия беруші ұйымдар электр желілерін күрделі жөндеудің бекітілген жоспар-кестесіне сәйкес электр желілеріне күрделі жөндеу жүргізеді.

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің Атомдық және энергетикалық қадағалау мен бақылау комитеті электр желілерінің күзгі-қысқы кезеңдегі жұмысқа дайындығына тұрақты бақылау жүргізеді.

Қазақстан Республикасының біртұтас электр энергетикалық жүйесінің электр желілерін 2022-2023 ж.ж. күзгі-қысқы кезеңге дайындау үшін, жалпы ұзындығы 25 346 км электр беру желілерін, соның ішінде: 500 кВ ӘЖ – 884,698 км, 220кВ ӘЖ– 2356,19 км; 110кВ ӘЖ – 3851,61 км; 35 кВ ӘЖ – 4767,86  км; 6-10кВ ӘЖ – 7525,49 км; 0,4кВ ӘЖ – 5171,69 км; 6-10кВ КЖ – 262,84 км; 0,4кВ КЖ – 88,44 км, сондай-ақ 564 дана қосалқы станцияны; 3507 дана – ТП, ҚТС, КҚТС-ты жөндеу жоспарланған

2023 жылғы 19 қыркүйектегі жағдай бойынша 22 700 км электр беру желілері жөнделді, ол жылдық жоспардың 89%-ын құрайды, сонымен қатар 514 қосалқы станция жөнделді, ол жылдық жоспарға 91%-ды құрайды.